Боксшылар Белградқа аттанды

Фотография - Боксшылар Белградқа аттанды

Қазақ боксшылары Сербияны бетке алды. 18 сәуір күні Белградта «Belgrade Winner Tournament» халықаралық турнирдің байрағы түріледі

105 0

Қазақ боксшылары Сербияны бетке алды. 18 сәуір күні Белградта «Belgrade Winner Tournament» халықаралық турнирдің байрағы түріледі.

Бокс бәсекесіне төрт құрлықтың 100-ге жуық спортшысы шақыртылыпты. Олардың арасында біздің өрендер де бар. Атап айтқанда, Олжас Сәттібаев, Берік Әбдірахманов, Жәнібек Әлімханұлы және Нұрдәулет Жармановтың әлеуетін бағамдаудың сәті түскендей. Былтыр ел чемпионы атанған Б.Әбдірахманов пен Ж. Әлімханұлының бабы қандай екенін білетін боламыз. Сәтсіздік иектеп жүрген Сәттібаев пен ел үміті Н.Жармановтан жеңіс күтеміз. Анығы сол, сербия топырағында жұдырықтасатын мықтылар көп. Мәселен, Бейжің олимпиадасының қола жүлдегері, француз Алексис Вастин, Еуропа чемпионы, венгр Балаш Башкай, 2009 жылғы әлем чемпионы, болгариялық Детелин Далаклиев те әлеуетін байқап көрмек екен.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!