Хоккейден ұлттық құрама Венгрияға есе жіберді

Фотография - Хоккейден ұлттық құрама Венгрияға есе жіберді

Хоккейден Қазақстан ұүлттық құрамасы Будапешт қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында алаң иелеріне 1:2 есебімен ұтылып қалды

225 0

Хоккейден Қазақстан ұүлттық құрамасы Будапешт қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында алаң иелеріне 1:2 есебімен ұтылып қалды. Қарсыластар қақпасына жалғыз голды салған – "Барыс" командасының шабуылшысы Роман Старченко.

Бұл қазақстандықтардың осынау жарыс жолындағы алғашқы жеңілісі. Мұның алдында жерлестеріміз Жапония (2:5) мен Ұлыбританияны (5:0) ойсырата жеңген болатын. Енді Владимир Крикунов шәкірттері келесі ойынын 19 сәуір күні Оңтүстік Корея құрамасымен және 20 сәуірде итальяндықтармен өткізеді деп жоспарлануда.

Айта кетейік, Венгрия астанасы Будапештте 14-20 сәуір аралығында Бірінші дивизион командалары арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. "А" тобында бақ сынап жатқан Қазақстан ұлттық құрамасы өз тобында бірінші немесе екінші орынды иеленсе 2014 жылы жаһан үздіктерімен бірге әлем біріншілігін сарапқа салады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!