Алмат пен Нұрмахан жеңіспен бастады

Фотография - Алмат пен Нұрмахан жеңіспен бастады

Бүгін Үндістанның Нью Дели қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталды. Сайыстың алғашқы күнінде 55,60,66 және 120 келі салмақ дәрежелерінде жеңімпаздар анықталады

245 0

Бүгін Үндістанның Нью Дели қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталды. Сайыстың алғашқы күнінде 55,60,66 және 120 келі салмақ дәрежелерінде жеңімпаздар анықталады.

Қазақстан күрес федерациясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 60 келіде ел намысын қорғайтын Алмат алғашқы белдесуінде Ирак балуаны Ахмед-Жұма-Жасым әл Саидты екі кезеңде жеңіп, келесі қарсыласын күтуде.

55 келідегі Жансерік Сәрсенбиев алғашқы айналымда Оңтүстік Корея балуанымен кім мықтыны анықтайды.

66 келідегі Ербол Қоңыратов алғашқы белдесуін Қытайлық Тайпей өкіліне қарсы өткізбек.

Сондай-ақ, аса ауыр салмақтағы Нұрмахан Тінәлиев бірінші кезеңде қырғыз балуаны Мұрат Рамоновқа қарсы кілемге шығып, екі кезең қорытындысы бойынша жеңіске жетті.

Грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері - Таңат Сағындықов.

Балуандарымызға сәттілік тілейміз!


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!