Нұрмахан Азия чемпионы, Қоңыратов қола жүлдегер

Фотография - Нұрмахан Азия чемпионы, Қоңыратов қола жүлдегер

Үндістанның Нью-Дели қаласында басталған күрес түрлерінен Азия чемпионатында алғашқы алтын қоржынға түсті

265 0

Үндістанның Нью-Дели қаласында басталған күрес түрлерінен Азия чемпионатында алғашқы алтын қоржынға түсті. Бұл туралы Қазақстан күрес федерациясының баспасөз қызметі хабарлайды. 120 келі салмақ дәрежесіндегі Нұрмахан Тінәлиев финалда қытайлық Ксиаоминг Ниді жықты! Бұл жерлесіміздің Лондон додасындағы сәтсіздіктен кейінгі алғашқы жеңісі! Құттықтаймыз!

Ал, өзге балуандарымыз финалға жеткен жоқ. 55 келідегі Жансерік Сәрсенбиев алғашқы айналымда сүрініп, қола медальға күресу құқын беретін жұбаныш белдесуінде жеңілсе. Алмат Кебіспаев пен Ербол Қоңыратов екінші айналымда кәріс спортшыларына есе жіберді. Айтпақшы, Қоңыратовтың еншісінде қола медаль бар.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!