Қазақстан футболының 100 жылдығын мерекелеудің ресми эмблемасы бекітілді

Фотография - Қазақстан футболының 100 жылдығын мерекелеудің ресми эмблемасы бекітілді

Қазақстан футболының 100 жылдық мерейтойы эмблемасына жарияланған байқаудың жеңімпазы болып Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік университетінің түлегі Динара Шөкееваның жұмысы танылды

326 0

Қазақстан футболының 100 жылдық мерейтойы эмблемасына жарияланған байқаудың жеңімпазы болып Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік университетінің түлегі Динара Шөкееваның жұмысы танылды. 

Отандық футболдың ғасырлық мерейтойын мерекелеудің ресми эмблемасы бекітілді, деп хабарлады Семей қаласы Дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы Мұрат Құржықаев.

Байқауға ұсынылған 17 жұмыстың арасынан комиссия Дина Шөкееваның эмблемасын бекітті. Логотип барлық инстанциялар бойынша келісу кезеңдерінен өтті және біздің футболымыздың100 жылдығын мерекелеуге арналған барлық мерейтойлық оқиғаларда қолданылатын болады.

«100» санының нөлдерінің бірінде құрамында әйгілі қазақ жазушысы Мұхтар Әуезов ойнаған алғашқы «Ярыш» футбол клубының эмблемасы, екінші нөлде футбол добы бейнеленген. Композицияның оң жағында футболдың соншалықты танымалдығының белгісі ретінде жер шарының 5 құрлығын білдіретін бес түрлі-түсті жолақ бейнеленген. Шеңбердің төменгі жағындағы - «1913-2013» жазуы - футболдың құрылу және 100 жылдықты мерекелеу даталары. Даталардың екі жағында да ұлттық ою-өрнек бейнеленген. Логотипте қолданылған түстер геральдикалық талаптарға, ал «Қазақстан футболына 100  жыл» символикалық таңбасы - қазіргі дизайн талаптарына сай жасалған. Бұл жазу эмблеманың периметрі бойынша орыс және ағылшын тілдерінде орындалған (Қазақстанның футбол федерациясы ФИФА мүшесі болып табылатындықтан)», - деп түсіндірді эмблеманы М.Құржықаев.

Сондай-ақ, Қазақстандық футболдың 100 жылдығын мерекелеуге қатысатын құрметті қонақтарға тапсырылатын мерейтойлық төс белгінің эскизі әзірленген. Төс белгіні Өскемендегі теңге сарайында даярлау жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан  футболының 100 жылдығы биылғы жылдың қыркүйек айында кеңінен атап өтілетін болады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!