Неймар – комикстің кейіпкері

Фотография - Неймар – комикстің кейіпкері

"Сантос" клубы мен Бразилия құрамасының шабуылшысы Неймар атақты ағаларының жолына ілесіп, балаларға арналған комикстің бас қаһарманы атанып отыр

155 0

"Сантос" клубы мен Бразилия құрамасының шабуылшысы Неймар атақты ағаларының жолына ілесіп, балаларға арналған комикстің бас қаһарманы атанып отыр.

"Неймар Жуниор" деген атау алған комикстің түсірілім жобасын аталған клуб футболшылары мен бразилиялық белгілі карикатурашы Маурисио де Соузо таныстырды. Айта отырсақ, комиксте Неймар футболға қызығатын бала ретінде көрсетіледі.

Бас кейіпкердің шаш үлгісі де назардан тыс қала қоймаған. Оңтүстік америкалық ойыншының танымал болған шаш үлгісі негізге алыныпты. Түсірілімнің алғашқы бөлігі "Дарынды бала" деп аталмақ.

Ертеректе Бразилияда аты аңызға айналған Пеле, Роналдо және Роналдиньо секілді ойыншылардың құрметіне бірнеше комикстер түсірілген болатын. Бұл туралы 3 News хабарлайды.

Естеріңізге сала отырсақ, 20 жастағы ойыншы El Pais газеті жүргізген сауалнаманың қорытындысы бойынша, Латын Америкасының үздігі атанған еді. Беделді журналистердің таңдауы бразилиялыққа түскен-ді.

Арнайы сыйлық Уругвай астанасы Монтевидеода табысталған-тұғын.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!