«Атамандар» ақтық айқасқа жолдама алды

Фотография - «Атамандар» ақтық айқасқа жолдама алды

WSB додасының алғашқы финалисі анықталды. Киевте өткен жартылай финалдық жекпе-жек кешінде жергілікті «Украина атамандары» Италияның «Милан найзағайын» 5:0 есебімен ойсырата жеңді

179 0

WSB додасының алғашқы финалисі анықталды. Киевте өткен жартылай финалдық жекпе-жек кешінде жергілікті «Украина атамандары» Италияның «Милан найзағайын» 5:0 есебімен ойсырата жеңді.


     Естеріңізге сала кетейік, командалардың Миландағы кездесуінде италиялықтар 4:1 есебімен басым түскен болатын. Алайда, қонақта 0:5 есебімен тізе бүкті.

            «Атамандар» айқас басталмай тұрып-ақ алға шыққан. «Милан найзағайының» ең жеңіл салмақтағы боксшысы Даниэле Лимоне межелі салмақтан 1,5 келіге артық болып шығып, украиналық боксшы «бәйгені шаппай алды». Одан кейін Василий Ломаченко «Милан найзағайының» көшбасшыларының бірі Доменико Валентиноны оңдырмай жеңді. Бірақ одан кейінгі айқастардың барлығы тең дәрежеде өтті. Тіпті, қонақтар қарқындырақ көрінген. Мишель Таваресті те, Абделхафид Беншабланы да, тіпті Йока Тониді де жеңілді деп айта алмас едік. Бірақ төрешілер тек шаршы алаң иелерінің ғана қолдарын көтеріп жатты.

            Енді «атамандардың» ақтық айқастағы қарсыластары ертең Алматыда анықталады. Оңтүстік астанамызда «Астана арландары» Мексиканың «Мехико қораздарын» қабылдайды.

«Атамандар» (Украина) – «Милан найзағайы» (Италия) – 5:0

50:54 келі:

Микола Буценко (Украина) – Даниэле Лимоне (Италия) – WO /Буценко/

57-61 келі:

Василий Ломаченко (Украина) – Доменико Валентино (Италия) – 3:0

(50:45, 50:45, 50:45)

68-73 келі:

Дмитро Митрофанов (Украина) – Мишель Таварес (Франция) – 3:0

(48:47, 49:46, 48:47)

80-85 келі:

Олександр Гвоздюк (Украина) – Абделхафид Беншабла (Алжир) – 2:1

(48:47, 47:48, 48:47)

91+ келі:

Ростислав Архипенко (Украина) – Тони Йока (Франция) – 3:0

(48:47, 48:47, 48:47)      


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!