Сәттібаев – «Ең үздік боксшы»

Фотография - Сәттібаев – «Ең үздік боксшы»

Сербияда өтіп жатқан бокстан Beogradski Pobednik халықаралық турнирінде Олжас Сәттібаев (52 кг) (суретте сол жақта)  ширек финалда канадалық Эмеллиен Боушерді үшінші раундқа жеткізбей жеңді

202 0

Сербияда өтіп жатқан бокстан Beogradski Pobednik халықаралық турнирінде Олжас Сәттібаев (52 кг) (суретте сол жақта)  ширек финалда канадалық Эмеллиен Боушерді үшінші раундқа жеткізбей жеңді.

Жартылай финалда ол болгар Александр Александровты ұтты. Ал жексенбі күні, яғни фи­налдық бәсекеде қазақ бокс­шысы ринг қожайыны серб Милоч Валтикті қапы қал­дырып, турнир жеңімпазы атанды.

Талантты оғлан, сон­дай-ақ, жарысты ұйымдас­ты­ру­­шылар­дың шешімімен тур­нир­дің «Ең үздік боксшы» атанды.

Басқа салмақтарда 60 килода Берік Әбдірахманов алтын жүлдеге таласуға мүмкіндік алды. 64 килода Сабыржан Бекбергенов қола жүлдені қанағат тұтса, 69 килода Сүлеймен Бердіқаев та финалға шықты. Біздің боксшылардан тағы Жәнібек Әлімханов (75 кг), Нұрдәулет Жарманов (81 кг ) пен 91 кило салмақтағы Арбек Әбдіғаниев те алтын жүлдеден үмітті.

Бокстан тағы бір қуа­нар­лық жаңалық, жақында Шым­кентте жасөспірімдер ара­сында өткен Азия чемпионатында отандастарымыз 7 алтын, 3 күміс және 1 қо­ла медальді жеңіп алып, жал­пыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды. Бұл бәсекеге 13 елден 100-ге жуық бокс­шы қатысса, соның ішінде 10 қазақтың балғын боксшысы финалда өнер көрсетті. Онда ең жеңіл салмақта  Бек­бо­лат Нұрсұлтан, 54 килода Абылайхан Жүсіпов, 57 ки­ло­да Сабыржан Әбілов, Владислав Сталбовский (63 кг), Рахат Мыржықпаев (66 кг) Азия чемпионы атанса, финал­да аса  ауыр салмақтағы  Дмит­рий Зиско Біріккен Араб Әмір­ліктерінің боксшысын небәрі 3-ақ секундта сұлатып салды.

Азия чемпионатының қорытындысы бойынша  «Ең үздік боксшы» атағына 57 килода қолғап түйістірген Сабыржан Әбілов ие болды. Енді жасөспірімдер ұлттық құрамасы тамызда Украина астанасы Киевте өтетін әлем чемпионатына дайындалатын болады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!