Польшада алты боксшымыз айқасады

Фотография - Польшада алты боксшымыз айқасады

Кеше Польша астанасы Варшавада бокстан дәстүрлі Феликс Штамм мемориалы басталды. Осымен 30-шы мәрте ұйымдастырылып отырған дүбірлі додаға Қазақстан боксшылары да аттанған болатын

180 0

Кеше Польша астанасы Варшавада бокстан дәстүрлі Феликс Штамм мемориалы басталды. Осымен 30-шы мәрте ұйымдастырылып отырған дүбірлі додаға Қазақстан боксшылары да аттанған болатын.


            Сәуірдің 26-сына дейін жалғасатын турнирде ерлерден бөлек, нәзік жандылар да жүлделерді сарапқа салады. Ерлерден 10 салмақ дәрежесінде 99 былғары қолғап шебері сынға түссе, қыздар бәсекесінде 41 ару айқасады. Турнирге 26 елден барлығы 140 боксшы тіркеліпті. Олардың алтауы қазақ боксшылары.

Феликс Штамм мемориалына қатысатын Қазақстан боксшылары:

52 келі: Азат Махметов (Астана)

60 келі: Ғани Жайлауов (Тараз)

69 келі: Мейірім Нұрсұлтанов (Астана)

81 келі: Алмат Серімов (Қарағанды)

91 келі: Алексей Севостьянов (Қарағанды)

91+ келі: Олжас Боқаев (Кереку)


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!