Түркітілдес елдерінің төрінен орын алдық

Фотография - Түркітілдес елдерінің төрінен орын алдық

Кипр аралының Түркияға қарасты жағалауында түркітілдес елдердің дәстүрлі фестивалі өтіп, онда күрес түрлерінен де турнир ұйымдастырылды

132 0

Кипр аралының Түркияға қарасты жағалауында түркітілдес елдердің дәстүрлі фестивалі өтіп, онда күрес түрлерінен де турнир ұйымдастырылды. Ерлер арасында өткен еркін күрес және грек-рим күресінің белдесулеріне Қазақстан балуандары да қатысып, бәрі де елге жүлделі оралды.


            Турнир регламентіне сәйкес, бозкілем белдесулері 55 және 120 келі салмақ дәрежелерінсіз өтуі тиіс болатын. Сөйтіп, Кипр, Әзірбайжан, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Ауғанстан, Пәкістан сынды елдер бар, барлығы 11 ел қатысқан дүбірлі додада Қазақстан намысын мына балуандар қорғады.

Грек-рим күресі:

60 келі: Ербол Киікбаев, 66 келі: Асхат Жаңбыров, 74 келі: Досжан Қартықов, 84 келі: Нұрсұлтан Тұрсынов, 96 келі: Жасұлан Садықов. Аға бапкер – Талғат Қожамқұлов.

Еркін күрес:

60 келі: Азамат Шағапұлы, 66 келі: Азат Сақаев, 74 келі: Ілияс Сатыбалдин, 84 келі: Аслан Кахидзе, 96 келі: Әлихан Жұмаев, Аға бапкер – Бақытбек Қонақбаев.

      Сонымен не керек, үш күнге созылған дүбірлі додада барлық балуандарымыз финалға дейін жетіп, сегізі алтынмен апталды. Тек грек-рим күресінде 96 келіде белдескен 96 келідегі Жасұлан Садықов пен еркін күресте 66 келіде өнер көрсеткен Азат Сақаев қана ақтық айқаста жеңіліп, күміс медальды иеленді.

            Сөйтіп, сегіз алтын, екі күміс медальмен Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте түркітілдес елдердің барлығын артқа тастап, жалпыкомандалық бейресми есепте көш басына шықты. Сондай-ақ грек-рим күресі мен еркін күресті жеке-жеке алғанда да Қазақстан командасы бас жүлдені еншіледі.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!