Гір көтеруден Әлем чемпионатында қазақ жігіті алтын медаль алды

Фотография - Гір көтеруден Әлем чемпионатында қазақ жігіті алтын медаль алды

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында гір көтеру спортынан өткен Әлем Чемпионатында қазақ жігіті Бауыржан Бекбосынов алтын медальға ие болды

236 0

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында гір көтеру спортынан өткен Әлем Чемпионатында қазақ жігіті Бауыржан Бекбосынов алтын медальға ие болды, деп хабарлайды BNews.kz .

 

Бұл туралы агенттігімізге Бауыржан білім алып жүрген Семей мемлекеттік педагогикалық институтының баспасөз хатшысы хабарлады.

Өзбек елінің бодибилдинг және фитнес федерациясы ұйымдастырған фестиваль аясында бірнеше үлкен спорттық іс-шаралар өтті. Сол шаралардың бірі – гір көтеру спортының әлем чемпионатына Ресей, Қазақстан, Украина, Беларусь, Франция, Италия, Греция, Өзбекстан елдерінің спортшылары қатысқан. Отандасымыз Бауыржан Бекбосынов 65 кг салмақ арасында үлкен шеберлік, тамаша өнер танытып, алтын медаль иегері атанды. Ал, күміс пен қола жүлде өзбек елінің спортшыларына бұйырған.

Қазір Семей мемлекеттік педагогикалық институты денешынықтыру және спорт факультетінің 4-курсында оқитын Бауыржан гір көтеру спортына он алты жасынан бастап мойын бұрған екен.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!