Алматылық волейболшы жігіттер клубтық Азия чемпионатында жеңіліссіз келеді

Фотография - Алматылық волейболшы жігіттер клубтық Азия чемпионатында жеңіліссіз келеді

Бүгін Иранның Тегеран қаласында волейболдан өтіп жатқан ерлер командалары арасындағы XIV Азия чемпионатының плей-офф кезеңі аяқталады

607 0

Бүгін Иранның Тегеран қаласында волейболдан өтіп жатқан ерлер командалары арасындағы XIV Азия чемпионатының плей-офф кезеңі аяқталады.

Онда ел намысын қорғап жатқан Геннадий Паршин жаттықтыратын Алматы қаласының "Алматы" командасы жеңіліссіз келеді. "Д" тобында өнер көрсеткен олар омандықтарды («Saham») -  3:1, Жапония («Toyoda Gosei Trefuer») мен Мальдивтің волейболшыларын 3:0 есебімен жеңген болатын. Одан кейін  плей-офф кезеңінде "В" тобында 1-2 орын алған Катардың «Al-Rayyan» мен Ирактың «South Gas Club»  командаларымен «F» тобында жұп құраған еді. Кеше алғашқы сында  ирактықтарды 3:2 есебімен ұтты. Бүгін енді жапондықтардан 3:1 есебімен басым түскен катарлықтармен кездеседі.   Көш бастап келе жатқан "алматылықтар" өз орнын сақтап қалатын болса  ширек финалда "Е" тобында төртінші орын алған командамен кездесетін болады.


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?