Өтемұратов Милан футбол клубын сатып алу туралы болжамды жоққа шығарды

Фотография - Өтемұратов Милан футбол клубын сатып алу туралы болжамды жоққа шығарды

Осыған орай ҚТФ баспасөз қызметі ресми түрде бұл ақпаратты жоққа шығарды.

141 0

Кеше бірқатар шетелдік және қазақстандық баспасөз құралдары Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов Миланның «Интер» футбол клубын сатып алуы мүмкін деген ақпарат тараған болатын. Осыған орай ҚТФ баспасөз қызметі ресми түрде бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Кейбір шетелдік және қазақстандық БАҚ-тарда таратылған Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов Миланның «Интер» футбол клубын сатып алуға ниетті деген ақпараттар шындыққа жанаспайды!», - делінген хабарлама федерация сайтына ілінген.

Сондай-ақ Федерация президенті ресми түрде теннистен басқа спорт түрлеріне қатысты ешқандай жрспаоы жоқ екенін жеткізді.

«Менің Қазақстанда теннисті насихаттау мен дамытуды жалғастырудан басқа спортқа қатысты өзге жоспарым жоқ. Қазақстан теннис федерациясының президенті ретіндегі менің мақсатым – елімізде теннисті танымал әрі бұқаралық спорт түріне айналдыру, мұның өзі көп уақыт пен үлкен назарды қажет етеді. Қазақстандық теннисшілер ең беделді әлемдік жарыстарда, оның ішінде Үлкен шлем жарыстарында, жеңіске жетулері үшін біз бар күшімізді салып отырмыз. Осы үшін біз Федерация іргесінде барлық жағдайларды жасаудамыз, атап айтқанда – ойыншылар үшін жаттығу процесстерін құрып, жарыстар өткіземіз, мастер-клсстар ұйымдастырып, «Team Kazakhstan» академиясында теннисшілердің жаңа буынын тәрбиелеудеміз. Осыдан басқа спорт түрлеріне қатысты менің ешқандай жоспарым жоқ», - деп мәлім етті Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

футбол

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!