Бүгін «Сарыарқа» мен «Торос» арасында бесінші матч өтеді

Фотография - Бүгін «Сарыарқа» мен «Торос» арасында бесінші матч өтеді

Бүгін Жоғары хоккей лигасының кезекті финалдық  матчы өтеді. Қарағанды қаласында жергілікті «Сарыарқа» хоккей клубы «Торос» (Нефтекамск) командасымен ойнайды

103 0

Бүгін Жоғары хоккей лигасының кезекті финалдық  матчы өтеді. Қарағанды қаласында жергілікті «Сарыарқа» хоккей клубы «Торос» (Нефтекамск) командасымен ойнайды.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін өткен төрт кездесудің қорытындысы бойынша жалпы есеп - 2:2. Қарағанды қаласында болған бірінші матчта «Сарыарқа» өз қарсыласын 4:1 есебімен жеңсе, келесі күні «Торос» есесін қайтара білді. Ол ойында біздің хоккейшілер 1:7 есебімен ұтылған болатын. Содан кейін Башқұртстанның Нефтекамск қаласында болған екі ойында бір рет ұтылып, бір мәрте жеңдік.  Бүгін екеуінің біреуі жеңіске бір қадам жақындайды. Өйткені Жоғары хоккей лигасының финалында қарсыласты төрт рет жеңіп, жалпы есепте төрт ұпай жинаған команда жеңімпаз атанады. Оған  ЖХЛ-дың Братина кубогы тапсырылады.   


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!