Ресей биатлоншысы жарыс алаңына іш киіммен шықты

Фотография - Ресей биатлоншысы жарыс алаңына іш киіммен шықты

Үш дүркін Олимпиада чемпионы Анфиса Резцованың қызы Кристина жарыс алаңына іш киіммен шықты

172 0

Үш дүркін Олимпиада чемпионы Анфиса Резцованың қызы Кристина жарыс алаңына іш киіммен шықты. Бұл туралы Eurosport мәлімдеп отыр.

Оқиға сәуірдің 14 күні Мурманск қаласында өткен XVIII биатлоннан жасөспірімдер арасындағы дәстүрлі Бүкілресейлік жарыстың қорытынды этапында орын алған көрінеді. 16 жасар спортшы қыздың сөзіне қарағанда, іш киімді командасындағы құрбыларымен бәстесіп, киюге мәжбүр болыпты.

«Негізі идея Спартакиада кезінде-ақ пайда болды. Бірінші жарыс басталмас бұрын құрбыларыма жеңіске жетсем (жеңіс менікі болады деп ойламап едім), келесі жарысқа іш киіммен шығамын деп уәде еткен едім. Күтпеген жерден жеңімпаз атандым. Ал қыздар сол сөздерімді есіме түсіріп, «уәдеңде тұр» деп қолқа салды. Амал нешік, сөзіме берік болуға тура келді»,-деп түсіндірді Резцова. 


Биатлоншы қыз Мурманскідегі жарыстың осы маусымдағы соңғы сайыс екенін ескеріп, айтқан сөзін орындауға бел буыпты. «Жарыс алаңына іш киіммен шыққанымда барлығы мені күлкі астына алды. Бірақ, көрермендер мұның жай қалжын екенін түсінді. Қастарынан өтіп бара жатқанымда «іш киіміңді маған сыйла» деп әзілдеп жатты. «Биатлон жарысын күлкі алаңына айналдырды» деп жақтыртпай қараған кісілер де болды. Мен өкінбеймін,алайда мұндайды келесіде қайталай қоймаспын»,-деді Кристина.

Айта кету керек, Мурманскіде спортшы 2 алтын, 1 күміс медальді иеленді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!