Аруларымыз адымды, ерлеріміз ерлік көрсетпеді

Фотография - Аруларымыз адымды, ерлеріміз ерлік көрсетпеді

Польшада бокстан өтіп жатқан дәстүрлі Феликс Штамм турнирінің финалына Қазақстан құрамасының 3 боксшысы шықты

174 0

Польшада бокстан өтіп жатқан дәстүрлі Феликс Штамм турнирінің финалына Қазақстан құрамасының 3 боксшысы шықты.

Олар 51 келіде сынға түсетін Жайна Шекербекова, 75 келі салмақ дәрежесіндегі Марина Вольнова және аса ауыр салмақтағы Алексей Севостьянов.  Жайна финалда Канада қызы Мэнний Бужолдпен қолғап түйістірсе, Марина шаршы алаң қожайыны Лидиа Федурадан емтихан қабылдайды. Ал, Алексей австралиялық Джай Опетайямен кім мықтыны анықтап көрмек.

Кеше жартылай финалдық бәсекелерде қазақ боксшыларының біразы сүрінді. 52 келідегі Азат Махметов Ұлыбритания үміті Эндрю Селбиге есе жіберді. Осы бір Уэльс жігітін орнына қоятын қазақ табылмай тұр. Лондон Олимпиадасында Селби Ілияс Сүлейменовты жеңіп кеткен. Бүкіләлемдік бокс сериясының топтық сынында "Арыстан жүректілер" сапында айқасқан Эндрю біздің "арланымыз" Мейірболат Тойытовты ұтып алды. Енді, міне, Азаттың алтынға барар жолын жауып тастады.

Одан бөлек, Лондон Олимпиадасының қатысқан тәжірибелі боксшымыз, әлем чемпионатының қола жүлдегері Ғани Жайлауов бразилиялық боксшы Робсоннан айла асыра алмай, 8:13 есебімен тізе бүкті. Сондай-ақ, 69 келі салмақ дәрежесіндегі Мейірім Нұрсұлтанов француз Сиссохо Солейманиден ұпай санымен ұтылып қалды.

Феликс Штамм турнирінің финалдық бәсекелері бүгін, Астана уақытымен сағат түнгі 00:00- де басталады.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!