Бакуде 9 жүлде алдық

Фотография - Бакуде 9 жүлде алдық

Әзірбайжанның астанасы Баку қаласында еркін күрестен жасөспірімдер арасында халықаралық турнир өтті. Оған бірқатар мемлекеттің өкілдері қатысты

161 0

Әзірбайжанның астанасы Баку қаласында еркін күрестен жасөспірімдер арасында халықаралық турнир өтті. Оған бірқатар мемлекеттің өкілдері қатысты.

Қап тауы сапарынан Қа­зақ­стан құрамасының қор­жы­ны толып қайтты. Жерлес­теріміз 2 алтын, 1 күміс және 6 қола медальді иеленіп, жал­пы есепте екінші орынға та­бан тіреді. Біздің өрендер тек жарыс қожайындарынан ғана қалып қойды. Бас жүлдені Ернұр Қабатаев (50 келі) пен Сәкен Айтжанов (74 келі) ол­жалады. Финалда Ернұр та­ғы бір қандасымыз Тасболат Жүр­сіновті тізе бүктірсе, Сә­кен әзірбайжандық Қам­ран Юнусовтан басым түсті. Ал Нұржігіт Сүйінбай (50 келі), Жандос Исмаилов (55 келі), Болат Сақиев (66 келі), Да­нияр Қайсанов (66 келі), Ер­мұханбет Іңкәр (96 келі) және Олег Болтин (120 келі) үшін­ші орындарды еншіледі.

Қазақстан құрамасының аға бапкері Манарбек Қыс­тау­баевтың айтуынша, алдағы уақытта балғын балуандарды бірқатар ірі халықаралық жа­рыстар күтіп тұр. Сол жарыс­тарда жерлестеріміз барынша нәтижелі өнер көрсету үшін барынша күш салады. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!