Франческо Гавацци мәреге екінші келді

Фотография - Франческо Гавацци мәреге екінші келді

Швейцария жерінде әлемдегі ең үздік шабандоздардың басын қосқан «Романдия туры» атты көпкүдік веложарыс жалғасуда.

92 0

Швейцария жерінде әлемдегі ең үздік шабандоздардың басын қосқан «Романдия туры» атты көпкүдік веложарыс жалғасуда.

3-кезеңнің жарыс жолы 181 шақырымға созылды. Додаға қатысқан 170 спортшы арасынан «Астана» командасындағы Франческо Гавацци мәреге 2-болып жетті. Италиян легионері «Омега» командасындағы Джанни Мерсманға ғана жол берді. Ал үздік үштікті жергілікті «Орика» командасының спортшысы Михаэль Альбасини түйіндеді. Айта кетейік, осының алдындағы кезеңде қазақстандық клуб спортшысы Энрико Гаспаротто да мәреге 2-келген болатын.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!