Назаров Қытайда төбелеседі

Фотография - Назаров Қытайда төбелеседі

Ережесіз жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы Ардақ Назаров ашқан «ALEM FIGHTERS» кәсіпқой спорт клубының мүшесі Нариман Мұсаев бұған дейін 24 жекпе-жек өткізіп, 23-ін ұтып, біреуінде ғана тең түскен болатын

127 0

Cүйінші! Қазақ жігіттері ережесіз жекпе-жектен Азия чемпионы атанды.


Ережесіз жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы Ардақ Назаров ашқан «ALEM FIGHTERS» кәсіпқой спорт клубының мүшесі Нариман Мұсаев бұған дейін 24 жекпе-жек өткізіп, 23-ін ұтып, біреуінде ғана тең түскен болатын. Міне, сол оғланымыз 70 келі салмақ дәрежесінде К1 тұжырымы бойынша Азия чемпионы атанды. Енді К1 тұжырымы бойынша әлемдік додада бақ сынамақ.

Бұған дейін осы мектептің тағы бір мүшесі Жаңқош Тұраров кәсіпқой бокстан Қазақстан Республикасының чемпионы атанған. Енді осы спорт түрінен Америкада өтетін халықаралық сайысқа қатысу үшін бүгін түнде аттанып кетпек.

Тағы бір жақсы жаңалық: Ережесіз жекпе-жектен әлем чемпионы Бейбіт Назаров 11-мамыр күні Қытайдың Пекин қаласында өтетін әлемдік додада Бразилияның спортшысымен кездеседі.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!