Үздіктермен шендесуге әлі ерте

Фотография - Үздіктермен шендесуге әлі ерте

Италияның Пезаро қаласында көркем гимнастикадан әлем кубогының тағы бір кезеңі тәмәм болды

162 0

Италияның Пезаро қаласында көркем гимнастикадан әлем кубогының тағы бір кезеңі тәмәм болды. Аталған додаға Қазақстан атынан Әлия Асымова, Екатерина Скорикова және Анна Афуксениди қатысқан еді. Көркем гимнастиканың ханшайымы саналатын Ресей құрамасының үздіктері Маргарита Мамун мен Александра Меркулова сырт қалған бәсекеде беларусь қызы Мелитина Станюта чемпион атанды.  Украина үздіктері Анна Максименко мен Ганна Ризатдинова да көңіл көншітерлік нәтиже тіркеген жоқ. Ал, Ресей құрамасының жас буындары  - Мария Титова мен Дарья Сватковскаялар көпсайыс қорытындысы бойынша екінші және үшінші орын иегерлері атанды.

Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері, «Азия балалары» спорттық ойындарының жеңімпазы Әлия Асымова әлі де мықтылармен тайталаса алатын емес. Пезарода Асымова бар болғаны 26-ы орыннан көрінді. Әлия доппен жаттығуда ең көп ұпай жинады – 15,867.  Төрт жаттығу бойынша жиған ұпайы 62, 634. Ал жеңімпаз Мелитинаның  ең жоғарғы ұпайы – 17,850.

Екатерина Скорикова болса, көпсайыс қорытындысы бойынша 45-і орыннан көрінді.

Топтық жаттығуларда Италия қыздары үздік шықты.

Әлем кубогының келесі кезең Болгария астанасы Софияда өтеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!