Дортмундтың «Боруссия» Чемпиондар Лигасының финалына шықты

Фотография - Дортмундтың «Боруссия» Чемпиондар Лигасының финалына шықты

 Футболдан УЕФА Чемпиондар Лигасының алғашқы финалисті анықталды. 25 мамыр күні Лондонның «Уэмбли» стадионында Дортмундтың «Боруссия» (Германия) командасы ойнайтын болды.

401 0

 Футболдан УЕФА Чемпиондар Лигасының алғашқы финалисті анықталды. 25 мамыр күні Лондонның «Уэмбли» стадионында Дортмундтың «Боруссия» (Германия) командасы ойнайтын болды.

Мадридтің «Сантьяго Бернабеу» стадионында өткен жартылай финалдық кезеңнің қарымта матчында жергілікті «Реал» «Боруссияны» 2-0 есебімен тізе бүктіргенімен, қос ойын қорытындысы бойынша 4-3 есебімен жеңіске жеткен немістер ақтық сынға жолдама алды.

Есепті ойынның 83-ші минутында «корольдік» клубтың француз шабуылшысы Кәрім Бензема ашты, ал 88-ші минутта мадридтіктердің осы ойындағы капитаны қорғаушы Серхио Рамос барша жанкүйер жүрегінде үміт отын жаққан еді. Алайда үшінші доп соғуға «Реалға» уақыт жетіспеді.

Естеріңізге сала кетейік, Германияда өткен алғашқы матчта «Боруссия» 4-1 есебімен басым түскен болатын. Ол ойында поляк шабуылшысы Роберт Левандовский төрт доп соқса, «Реалдың» жұлдызы Криштиану Роналду бір доппен жауап берген еді.

«Боруссияның» қарсыласы «Барселона» (Испания) мен «Бавария» (Германия) арасында Каталония астанасында өтетін қарымта ойында анықталады. Алғашқы матч 4-0 есебімен мюнхендіктердің пайдасына аяқталғанын есепке алсақ, биылғы жылы Чемпиондар Лигасының финалында қос неміс командасы қарсылас атануы ғажап емес.


Тегтер:

футбол

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!