Ацтектер айласын асырып кетті

Фотография - Ацтектер айласын асырып кетті

Италияның Линьяно-Саббьядорро қаласында футболдан «Делле Национе» халықаралық турнирі басталды. Израиль, Жапония және Мексика құрамаларымен бір топқа түскен Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (U-17) алғашқы ойынын жеңіліп қалды

175 0

Италияның Линьяно-Саббьядорро қаласында футболдан «Делле Национе» халықаралық турнирі басталды. Израиль, Жапония және Мексика құрамаларымен бір топқа түскен Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (U-17) алғашқы ойынын жеңіліп қалды.

   Турнирдің бірінші турында украиналық маман баптайтын қазақстандық жеткіншектер Мексика құрамасымен кездескен. Алайда, ацтектердің шеберліктері басым болып, 1:3 есебімен жеңіліп қалдық. Жерлестеріміздің сапынан жалғыз голды Рашид Люхай соқты. Ал қосамжарлана өткен кездесуде Жапония мен Израиль құрамалары тең түсті. Есеп – 2:2.

            Енді бүгін жерлестеріміз Израиль құрамасымен жасыл алаңға шығады. Ойын Астана уақытымен сағат 20:00-ге белгіленген. Ал осы ойыннан кейін Мексика мен Жапония құрамалары шеберлік байқасады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!