Азия футбол федерациясының басшысы сайланды

Фотография - Азия футбол федерациясының басшысы сайланды

Бахрейн шейхы Салман бин Ибрахим әл-Халифа Азия футбол федерациясының жаңа басшысы болып сайланды

101 0


Бахрейн шейхы Салман бин Ибрахим әл-Халифа Азия футбол федерациясының жаңа басшысы болып сайланды.

Бейсенбіде Куала-Лумпурда (Малайзия) өткен сайлауда Шейх Салман 46 дауыстың 33-іне ие болды. Шейх Салман бұған қоса Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) атқарушы комитетіне де мүше болып сайланды.

Бахрейн шейхының атына бұған дейін елдегі демократиялық наразылықтарда ұлттық құрама ойыншыларын адам құқықтарының бұзылуынан қорғай алмады деген сын айтылған еді. Оны сынағандар наразылықтар кезінде кейбір ойыншылар мен футболдағы бірқатар шенеуніктер қуғынға түскенін алға тартқан.

Федерацияның бұған дейінгі жетекшісі катарлық Мохамед бин Хаммамды ФИФА сыбайлас жемқорлыққа қатысты дауға қалған соң қызметінен босатқан.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!