«Жетісу» топтық кезеңде үздік шықты

Фотография - «Жетісу» топтық кезеңде үздік шықты

Волейболдан әйелдер арасындағы ел чемпионы Талдықорғанның «Жетісу» командасы Вьетнамда өтіп жатқан клубтар арасындағы Азия біріншілігінде сәтті өнер көрсетуде. Жерлестеріміз өз тобында қарсылас шақ келтірмей, ширек финалға жолдама алды

198 0

Волейболдан әйелдер арасындағы ел чемпионы Талдықорғанның «Жетісу» командасы Вьетнамда өтіп жатқан клубтар арасындағы Азия біріншілігінде сәтті өнер көрсетуде. Жерлестеріміз өз тобында қарсылас шақ келтірмей, ширек финалға жолдама алды.


     Вьетнам астанасында өтіп жатқан клубтар арасындағы Азия біріншілігінде Асқар Шалқыбеков бастаған Талдықорғанның «Жетісу» волейбол клубы Вьетнамның «Лиенвиет Постбанк», Тайландтың «Идея Хонкаен» және Тайбейдің «Тайпей» клубымен «А» тобына түскен болатын. Ал «В» тобында Қытайдың «Гуангдонг», Жапонияның «ПФУ Блю Катс» және Солтүстік Кореяның «Бо Тонг Ганг» клубтары өнер көрсетті.

     Жалпы, турнирді бірден қарқынды бастаған қазақстандық волейболшы қыздарға қарсылас шақ келген жоқ. Топтық кезеңде тай қыздарын да, тайпейліктерді де еш қиындықсыз жеңді. Дегенмен, алаң иелеріне қарсы тұру оңай болмады. Жанкүйерлерінің қолдауларынан қосымша күш алған вьетнамдықтар алғашқы екі сетті өз пайдаларына шешті. Алайда, осыдан кейін естерін жиған «Жетісу» ойыншылары есепті теңестіріп, кездесуді тай-брейкке жеткізді де, еңселері түсіп кеткен алаң иелерін тізе бүктірді.

     Сөйтіп, өз тобында бірінші орын алған талдықорғандықтар ширек финалға жолдама алды. Енді ертең регламент бойынша, жерлестеріміз «В» тобының ең әлсіз командасымен кездеседі.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!