Желаяқтар Тайландта жарысады

Фотография - Желаяқтар Тайландта жарысады

Кеше жеңіл атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасы Тайландқа аттанды. Бас бапкер бастаған Вячеслав Сокирко атлеттері Қиыр Шығыстағы бірден үш Гран-при сериясына қатысады

150 0

Кеше жеңіл атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасы Тайландқа аттанды. Бас бапкер бастаған Вячеслав Сокирко атлеттері Қиыр Шығыстағы бірден үш Гран-при сериясына қатысады.


   Осы додалар арқылы желаяқтарымыз өздерінің жазғы маусымдарын бастайды. Гран-при сериясының алғашқы екі додасы Тайландта өтсе, соңғысы мамырдың 12-сі күні Шри-Ланка астанасы Коломбода ұйымдастырылады. Ұлттық құрамамыздың бас бапкері Вячеслав Сокирко бұл додаға кедергілер арқылы секіруден Анастасия Пилипенко, Анастасия Сопрунова және Наталия Ивонинскаяны, 100 метрге жүгіруден Виктория Зябкинаны, 400 метрге жүгіруден Юлия Рахманованы, биіктікке секіруден Виталий Цыкунов пен Антон Бондарды, ядро серпуші Иван Ивановты, үш қарғып секірушілер Евгений Эктов пен Роман Валиевті және ұзақ қашықтыққа жүгіруден Артем Косиновты ертіп кетті. Ал Лондон Олимпиадасының жеңімпазы Ольга Рыпакова бұл додаға қатыспайды.

      Жалпы Қиыр Шығыстағы Гран-при сериясы жеңіл атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасы үшін маусымашар доданың басы болмақ. Бұдан кейін желаяқтарымызды Алматыда өтетін Ғұсман Қосанов мемориалы, Бішкектегі Татьяна Колпакова турнирі, Ташкенттегі «Спорт падишасы» додасы, Донецкідегі жастар арасындағы әлем біріншілігі, Қазандағы дүниежүзілік Универсиада және Мәскеуде өтетін әлем чемпионаты күтіп тұр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!