Финалда "ақсүйектер" мен лиссабондықтар ойнайды

Фотография - Финалда "ақсүйектер" мен лиссабондықтар ойнайды

Чемпиондар Лигасының жартылай финалдық қарымта матчында лондондық "Челси" командасы швейцариялық "Базельді" 3:1 есебімен тізе бүктірсе, ал лиссабондықтар туған жердің төсінде түріктерді қабылдап, 3:1 есебімен басым түсті

129 0

Чемпиондар Лигасының жартылай финалдық қарымта матчында лондондық "Челси" командасы швейцариялық "Базельді" 3:1 есебімен тізе бүктірсе, ал лиссабондықтар туған жердің төсінде түріктерді қабылдап, 3:1 есебімен басым түсті.

Бірінші ойын бөлігінің соңғы минутында "Базель" командасы алға шығып еді. 45-минутта әріптестерінен тамаша пас алған Мохамад Салах қолда бар мүмкіндікті мүлт жібермеді.

Сонда да Рафаның шәкірттері өз біліктерінен жаңылмай, финалға бастап барар тура жолды тапты. Сиқырлы бетпердемен ойқастап жүрген испан шабуылшысы Торрес екінші ойын бөлігі басталған тұста қақпашы қайтарған допқа бірінші жетіп, "ақсүйектерді" алға шығарған-ды. Одан кейін тайлы-тұяғымен қалмай шабуылға көшкен швейцарлықтар қорғаныста сүреңсіз қылықтар танытты. Не керек, ойынның 52-минутында Мозес айып алаңынан құйтырқылана қашқан допты өзіне қабылдап, бос қақпаға тоғыта салды. Есеп: 2:1.

Ең кереметі сол, 52-минутта Давид Луис өзінің кезекті керемет соққысын қайталап, қақпа тоғыздығын тура көздеу арқылы "ақсүйектердің" түпкілікті жеңісіне нүкте қойды.

Лондонмен бір қатарда Лиссабон төрінде футбол көркі қызып жатқан болатын. "Бенфика" түріктің "Фенербахче" командасынан айласын асырып, 3:1 есебімен ақтық финалға жолдама ала алды.

Голдар: Гайтан (9), Кардосо (35, 66) – Кюйт (23, пенальтиден).

Естеріңізге сала отырсақ, финал 15 мамыр күні Амстердамда өтпек.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!