«Шахтер» «Қайратты» ширек финалға жібермеді

Фотография - «Шахтер» «Қайратты» ширек финалға жібермеді

Футболдан Қазақстан кубогының 1/8-финалы толығымен аяқталып, ширек финалға жолдама алған сегіз команданың барлығы да анықталды. Кеше Теміртауда Қарағандының «Шахтері» Алматының «Қайратын» қабылдап, 2:1 есебімен жеңіске жетті

196 0

Футболдан Қазақстан кубогының 1/8-финалы толығымен аяқталып, ширек финалға жолдама алған сегіз команданың барлығы да анықталды. Кеше Теміртауда Қарағандының «Шахтері» Алматының «Қайратын» қабылдап, 2:1 есебімен жеңіске жетті.


«Шахтер» (Қарағанды) — «Қайрат» (Алматы) 2:1 (2:0)

Голдар: Симчевич, 11. Финонченко, 41 — Кислицын, 76.

 

            Екі команда да өз ойындарын енді ғана тауып келе жатқан командалар. Соңғы кездері ішкі біріншілікте сәтті өнер көрсете бастады. Дегенмен, Теміртауда «кеншілердің» жолы болды. Алдымен ойынның 11 минутында команда капитаны Андрей Финонченконың әдемі пасын голға айналдырған Александр Симчевич алаң иелерін алға шығарса, үзіліске бес минут қалғанда капитанның өзі де гол соғып, қонақтардың жағдайын одан бетер қиындатты.

            Екінші тайм тіптен тартысты өтті. Үзіліске дейін тек қарымта шабуылдарға ғана иек артқан «Қайрат» енді өздері шабуылға атойлаумен болды.Тіпті, қорғаушыларының өздері де алға шығып, жағдайды құтқаруға тырысты. Нәтижесінде ойынның 76-шы минутында алматылықтардың қорғаушысы Александр Кислицын бір гол соғып, есепті қысқартқан. Бірақ одан арыға Владимир Вайсс шәкірттерінің шамалары жетпеді. Қорытынды есеп – 2:1.

   

Сонымен, 1/8-финалдың нәтижесі бойынша, ширек финалға мына командалар жолдама алды:

"Ақтөбе"

"Тобыл" (Қостанай)

"Ақжайық" (Орал)

"Астана"

"Тараз"

"Ордабасы" (Шымкент)

"Ертіс" (Кереку)

"Шахтер" (Қарағанды)


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!