Алғашқы ондықта Раков қана

Фотография - Алғашқы ондықта Раков қана

Халықаралық дзюдо федерациясы спортшылардың сәуір айындағы көрсеткіштерін сүзгіден өткізіп, жаңа рейтингісін жариялады. Аталған тізімде Қазақ спортшылары да бар

168 0

Халықаралық дзюдо федерациясы спортшылардың сәуір айындағы көрсеткіштерін сүзгіден өткізіп, жаңа рейтингісін жариялады. Аталған тізімде Қазақ спортшылары да бар.

60 келіде бәсекелестік жоғары. Бұл жалғыз дзюдо емес, күрес, бокс сынды басқа да жекпе-жек түрлеріне қатысты қағида. 60 келіде ел намысын қорғайтын спортшылар арасында Елдос Сметовтың ұпайы жоғары. Ол 14-і орында. Тәжірибелі спортшылардың бірі саналатын Асхат Тельманов  29-ы сатыда. Ал, Лондонда ел намысын қорғаған Еркебұлан Қосаев рейтингте құлдырап барады, 31 орын.

66 келідегі Сергей Лим әлемдік рейтингте 20-ы сатыда тұр. Бұл салмақтағы тағы бір өкіліміз Азамат Мұқанов 33-і орында.

73 келідегі жігіттердің жағдайы мүшкіл. Елдар Зәріпханов 50-і орында. Ал, 81 келідегі спортшылар тізімінің бас жағынан Қазақстан құрамасының дзюдошысын таба алмайсыз.

90 келіге ауысқан Ислам Бозбаев 19-ы орында.

100 келідегі Максим Раков Лондон додасынан кейін көп сайыстан сырт қалды. Сол себепті, рейтингте 10-ы орынға сырғыды.

Аса ауыр салмақтағы алыптар арасында Азия чемпионатының қола жүлдегері Ержан Шынкеев 30-ы сатыда.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!