"Жетісу" жартылай финалда

Фотография - "Жетісу" жартылай финалда

Вьетнамның Дандлак қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы XIV Азия чемпионатында Талдықорған қаласының «Жетісу» командасы жеңіліссіз келе жатыр

140 0

Вьетнамның Дандлак қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы XIV Азия чемпионатында Талдықорған қаласының «Жетісу» командасы жеңіліссіз келе жатыр.

Топтық кезеңде қарсылас шақ келтірмеген олар плей-офф кезеңінде Иранның «Giti Pasand» командасын 3:0 есебімен ойсырата ұтты. Ертең жартылай финалда олар Жапония («Blue Cats»)  мен Таиланд («Idea Khonkaen»)  волейболшылары арасындағы кездесудің жеңімпазымен жартылай финалда жұп құрайды. Қазақстандықтармен  бұған дейін «А» тобында өнер көрсетіп, көш соңында қалып қойған таиландтықтарға қарағанда, «В»  тобында екінші орын алған жапондықтардың жартылай финалға шығу мүмкіндігі басым. Жапондықтар бұған дейін топтық сында  тек қытайлықтардан («Guangdong Evergrande») ғана ұтылған болатын.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!