WSB финалында «Астана Арландарының» намысын Ақшалов пен Дычко да қорғайды

Фотография - WSB финалында «Астана Арландарының» намысын Ақшалов пен Дычко да қорғайды

Бокстан WSB дәрежесі бойынша Қазақстанда өтетін әлем біріншілігінің финалында «Астана Арландарының» намысын Мерей Ақшалов (61 келі) пен Иван Дычко (+91 келі) да қорғайтын болды

198 0

Бокстан WSB дәрежесі бойынша Қазақстанда өтетін әлем біріншілігінің финалында «Астана Арландарының» намысын Мерей Ақшалов (61 келі) пен Иван Дычко (+91 келі) да қорғайтын болды. Шешуші бәсекеде жерлестеріміз «Украинаның Атамандарымен» бақ сынамақ.

«Астанада өтетін финалдық жекпе-жекте Иван Дычко мен Мерей Ақшаловты шаршы алаңнан көресіздер» деді «Sports.kz» порталына берген сұхбатында «Астана Арландары» клубының бас директоры Болат Манкенов.

Естеріңізге салайық, қазақстандық команда мен «Украин атамандарының» арасындағы кездесу ағымдағы жылдың 10 және 11 мамыр айында Астана қаласында өткізіледі.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!