Владимир Кличко кезекті жекпе-жегін өткізді

Фотография - Владимир Кличко кезекті жекпе-жегін өткізді

Кәсіпқой бокста IBF, IBO, WBO және WBA тұжырымдары бойынша аса ауыр салмақтағы чемпион Владимир Кличко өз атақтарын кезекті рет қорғады.

254 0

Кәсіпқой бокста IBF, IBO, WBO және WBA тұжырымдары бойынша аса ауыр салмақтағы чемпион Владимир Кличко өз атақтарын кезекті рет қорғады.

Украиндық боксшы италиялық Франческо Пьяанетаны айқын басымдықпен ұтты. Германияның Мангейм қаласында өткен жекпе-жекте украиндық боксшы айқас басталғаннан мысы басым екенін аңғартып, қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Осылайша Франческоның есін жиғызбай, алтыншы раундта сұлатып салды.

37 жастағы Владимир Кличко кәсіпқой бокста осымен 63 жекпе-жек өткізді, оның 60-да жеңіске жетті. 51 жекпе-жегінде қарсыласын нокаутқа жіберіп, үш рет жеңілген.

Енді ол келесі жекпе-жекті ресейлік Александр Поветкинмен өткізеді деп күтілуде.

Кличко айқасқа дайын екенін бұған дейін бірнеше мәрте мәлімдеген, Поветкин түрлі себептерді алға тартып онымен кездесуден бас тартып келген еді.


Тегтер:

бокс

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!