"Астана арландарының" өнерін тамашалауға Тайсон, Холифилд және Пакьяо шақырылып отыр

Фотография - "Астана арландарының" өнерін тамашалауға Тайсон, Холифилд және Пакьяо шақырылып отыр

Бұл туралы "Астана арландары" клубының бас директоры Болат Манкенов хабарлады.

269 0

Астанада 10-11 мамырда өтетін дүниежүзілік бокс сериясы (WSB) бәсекесінің финалына даңқты боксшылар - Пакьяо, Холифилд және Тайсон келуі мүмкін. Бұл туралы "Астана арландары" клубының бас директоры Болат Манкенов хабарлады.

"Ия, шындығында да біз финалға дайындықты бастаған кезде аталған боксшыларға ақтық сынға құрметті қонақ ретінде қатысуға шақырту жібергенбіз. Алайда, әзірше олардан жауап келген жоқ", - деген Б.Манкенов.

Бұл боксшылардан бөлек украиндық команданың шашбауын көтеруге ағайынды Кличколардың біреуі келеді деген де жорамал бар.

Еске сала кетейік, WSB-ның биылғы маусымдағы ақтық жекпе-жегінде 10-11 мамыр күндері "Астана арландары" мен "Украина атамандары" кездеседі.


Тегтер:

бокс

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!