Теңбіл доп додасының тоғызыншы туры

Фотография - Теңбіл доп додасының тоғызыншы туры

Футболдан ел чемпионатының 9-туры өтіп, көшбасшы бұл турда да жеңіске жетіп, бәсекелестерінен қара үзді. «Ақтөбе» бұл жолы кежегесі кейін тартқан «Тобылды» тобықтан қақты

170 0

Футболдан ел чемпионатының 9-туры өтіп, көшбасшы бұл турда да жеңіске жетіп, бәсекелестерінен қара үзді. «Ақтөбе» бұл жолы кежегесі кейін тартқан «Тобылды» тобықтан қақты.

Соңғы турларда үш ұпайдан еншілеп, жоғары қарай адымдап келе жатқан «Астана» бұл жолы бір ұпаймен шектелді. Бұл турда астаналықтардың «Ақжайыққа» азуы батпады.

«Шахтер» көктемгі дағдарысынан арылғандай. Бұл жолы қарымды «Қайратты» ұтып, үшінші орынға көтерілді.

«Тараз» тағы ұтылды. Бұл жолы Ерке Ертіс жағасында тізе бүкті.

Тізгінін В.Пасулько қайтадан өз қолына алғалы нәтижелі ойын үлгісін көрсете бастаған «Ордабасы» Өскеменде жеңіліске ұшырады.Осы жеңісінің арқасында «Восток» соңғы орыннан 9-орынға бір-ақ ырғыды.

«Жетісу» өз алаңында «Атыраудан» ұтылып, салы суға кетті. Бұл күнде жігерлі «Жетісудың» жағдайы мүшкіл.  

Премьер-лига

9-тур, 5 мамыр

«Ақтөбе» – «Тобыл» – 1:0

Гол: Хайруллин, 38.

«Восток» – «Ордабасы» – 2:1

Голдар: Нұрғалиев, 14 (0:1). Костюк, 31 (1:1). Ньянг, 71 (2:1).

Мур («В») 76-минутта алаңнан қуылды.

«Шахтер» – «Кайрат» – 2:1

Голы: Финонченко, 56 (1:0). Хижниченко, 67 (2:0). Байжанов, 84 (2:1).

«Ертіс» – «Тараз»  – 1:0

Гол: Юрин, 54 (1:0).

«Жетісу» – «Атырау» – 0:1

Гол: Тәтішев, 90 (0:1).

«Ақжайық» – «Астана» – 2:2

Голдар: Черны, 31 (1:0). Қонысбаев, 49 (1:1). Зенькович, 56 (2:1). Кояшевич, 86 (2:2).


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!