Алматы облысында велоспорттан дәстүрлі «Джейран трофи» көпкүндігі өтіп жатыр

Фотография - Алматы облысында велоспорттан дәстүрлі «Джейран трофи» көпкүндігі өтіп жатыр

АЛМАТЫ. 6 мамыр. ҚазАқпарат - Алматы облысында тау велосипедінен VІ «Джейран трофи» көпкүндігі өтіп жатыр. 240 шақырымдық бұл доданың 60 шақырымдық алғашқы кезеңі кеше болды

134 0

 АЛМАТЫ. 6 мамыр. ҚазАқпарат - Алматы облысында тау велосипедінен VІ «Джейран трофи» көпкүндігі өтіп жатыр. 240 шақырымдық бұл доданың 60 шақырымдық алғашқы кезеңі кеше болды.

Онда қатысушылар мың метр биіктікке көтерілді. Бүгін 113 шақырым жол жүріп 2500 метр биіктікке шығады. Ертең 67 шақырымдық ақтық кезеңде олар 1500 метрлік биіктікті бағындырады. 2008 жылдан бері дәстүрлі түрде жыл сайын өтіп келе жатқан көпкүндікке көршілес Қырғызстан мен Ресей спортшылары да қатысады. Былтыр онда ел чемпионы Кирилл Казанцев жеңімпаз атанған болатын. Ол мәре сызығын бірінші және үшінші кезеңде бірінші, ал екінші кезеңде екінші боп кесіп өтті. Ресейдің Красноярск қаласынан келген Виталий Мога мен Екатеринбург қаласының тумасы Михаил Будько 2-3 орынды бөлісті. Ал бұған дейін бұл жарыста 3 дүркін чемпион атанған Қырғызстанның Бішкек қаласынан келген Жаныбек Сатканалиев 6-шы орынды қанағат тұтуға мәжбүр болған еді.

Автор: Ерлік Ержанұлы

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!