Ауыр атлетикадан Перуде өтіп жатқан Әлем чемпионатында алғашқы рекорд тіркелді

Фотография - Ауыр атлетикадан Перуде өтіп жатқан Әлем чемпионатында алғашқы рекорд тіркелді

Перудің Лима қаласында  ауыр атлетикадан  қыздар  арасындағы 19-шы, ал ерлер   арасындағы 39-шы Әлем чемпионатының алғашқы жеңімпаздары анықталды.

139 0

 Перудің Лима қаласында  ауыр атлетикадан  қыздар  арасындағы 19-шы, ал ерлер   арасындағы 39-шы Әлем чемпионатының алғашқы жеңімпаздары анықталды.

Алғашқы медальдар топтамасы  кеше әйелдер арасында 48 келі салмақ дәрежесі бойынша сарапқа салынды. Дүбірлі додаға биыл тұңғыш рет қатысып отырған қытайлық Чунян Гуан (Chunyin Guan) жұлқа көтеру мен серпе көтеруде және қоссайыстың қорытындысы бойынша үздік шығып, Әлем чемпионы атанды.  Күміс және қола жүлдені доминикандық Беатрис Элизавет Пирон мен үндістандық Мирабай Шану Шайкан иеленді.  Ерлер арасындағы алғашқы алтын медальді  56 келіде күш сынаған тағы бір қытайлық Хименг Уей  иеленді. Сондай-ақ сәйкесінше 2-3-ші орын алған колумбиялық Жон Жайро Серна Менндоза мен түркиялық Муаммен Санин өз елінің қоржынына алғашқы жүлделерін салды.

Халықаралық ауыр атлетика федерациясының сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, бүгін  53 келідегі бойжеткендер арасындағы сайыста  Әлем чемпионатының алғашқы рекорды тіркелді. Онда болгариялық Алена Чичкан чемпион, қытайлық Лю Цюань күміс, тайландық Танасан Ютит қола жүлдегер атанды.

2012 жыл Лондонда қазақстандық Зүлфия Чиншанло жұлқа көтеруде - 131  келіні, ал 2011 жылы Парижде қоссайыс қорытындысы  бойынша 227 келіні көтеріп, рекорд жаңартқан еді. Ал серпе көтерудегі 100 келілік рекордты 2005 жылы Макаода қытайлық Жининг Денг орнатқан болатын. Әзірге бұл додада жоғарыдағы 3 рекордтың қайсысы жаңарғаны белгісіз.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!