Мергендеріміз әлем рекордын жаңартты

Фотография - Мергендеріміз әлем рекордын жаңартты

Жуырда Біріккен Араб Әмірліктерінің Аль-Аин қаласында стенд атудан әлем кубогі өтті. Айтулы додада ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен шымкенттік Владислав Мухамедиев скит жаттығуы бойынша 125 нысананың 124-не оғын дәл тигізіп, әлем рекордын жаңартты

337 0

Жуырда Біріккен Араб Әмірліктерінің Аль-Аин қаласында стенд атудан әлем кубогі өтті. Айтулы додада ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен шымкенттік Владислав Мухамедиев скит жаттығуы бойынша 125 нысананың 124-не оғын дәл тигізіп, әлем рекордын жаңартты.


   Алтын жүлдегер атанып, көк туымызды көкке желбіреткен Владиславтың көздегені  Рио-де-Жанейро олимпиадасының жүлдесі. Әлемдік рекордты жаңартып, бірінші орынға тұрақтаған жерлесіміз осы қарқынын бәсеңдетпесе, әлі талай бәсекеде жеңімпаз атанатыны анық.


    Сондай-ақ, осы әлем кубогінде жасөспірімдер арасында сынға түскен тағы бір шымкенттік мерген Василий Стручаев скит жаттығуында 125 нысананың 121-ін дәл көздеп, әлем рекордын жаңартты. Бұл екі спортшы да «Атыс спорты түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығының» сайыпқырандары. Дүбірлі сайыстан екі алтын медаль олжалаған жерлестеріміз алдағы сайыстарға дайындықты бастап кетті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!