Боничиолли ұлттық құраманың бас бапкері

Фотография - Боничиолли ұлттық құраманың бас бапкері

"Астана" баскетбол клубының бас бапкері Маттео Боничиолли баскетболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып сайланды

168 0

"Астана" баскетбол клубының бас бапкері Маттео Боничиолли баскетболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып сайланды. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлайды.

Біріккен ВТБ лигасында сынға түсетін "Астана" плей-офф кезеңінде Риганың "ВЭФ" клубына жол берді. Осылайша, біздің команданың турнирдегі сапары аяқталған соң, ұлттық құрамаға көңіл бөліне бастапты.

Жақын күндері баскетболдан Азия чемпионаты басталады. Маттео жасақтайтын, негізін "Астана" баскетболшылары құрайтын Қазақстан құрамасына берілген тапсырма жалғыз. Ол - сары құрлық сынында үздік үштікке ену. Егер, үздік үштік қатарынан көріне алсақ, 2014 жылы Испанияда өтетін әлем чемпионатына жолдама аламыз.

Бұл күндері "Барселонада" ойнайтын жерлесіміз Александр Жигулевскиймен келісім жүріп жатыр. Егер, Саша ұлттық құрамада ойнау үшін келісім берсе, біз үшін қосымша көмек болмақшы.

Бүгін ұлттық құрама Өзбекстанмен кездесу өткізеді. Егер, жеңіп жатса, тамыз айында Филиппиннің Манила қаласында өтетін Азия біріншілігіне қатысу құқын иеленеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!