«Астана» велошабандозы Фабио Ару Giro d'Italia 3-кезеңінің нәтижесі бойынша ақ жейдеге ие болды

Фотография - «Астана» велошабандозы Фабио Ару Giro d'Italia 3-кезеңінің нәтижесі бойынша ақ жейдеге ие болды

Astana Pro Team командасының велошабандозы Фабио Ару Giro d'Italia тас жолындағы көпкүндік жарыстың үшінші кезеңінің нәтижесі бойынша «Малья бланканың» - ең үздік жас велошабандоздың ақ майкасын иеленді

204 0

Astana Pro Team командасының велошабандозы Фабио Ару Giro d'Italia тас жолындағы көпкүндік жарыстың үшінші кезеңінің нәтижесі бойынша «Малья бланканың» - ең үздік жас велошабандоздың ақ майкасын иеленді.

Бұл туралы Astana Pro Team-нің баспасөз қызметінен мәлім етті.

Ф.Ару Сорренто мен Ашеаға дейінгі 222 шақырымдық кезеңнің тауға финалдық көтерілісінде жарыс көшбасшыларының қатарында болды. Ол соңғы 40 шақырымда командалас достарымен бірге жұмыс істеді, нәтижесінде капитан үшін топ алдында аздаған басымдыққа және өзі үшін ақ майкаға қол жеткізді.

Astana Pro Team-нің спорт директоры Александр Шефердің айтуынша, Ару - әлемдегі ең үздік жас велошабандоздардың бірі.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!