«Сочи-2014» Қысқы Олимпиадасында Қазақстан кем дегенде екі медаль жеңіп алуға үмітті

Фотография - «Сочи-2014» Қысқы Олимпиадасында Қазақстан кем дегенде екі медаль жеңіп алуға үмітті

АСТАНА, 8 мамыр – Қазақстан жаңалықтары АА. Қысқы спорт түрлері бойынша Ұлттық олимпиада құрамасының алдына әр түрлі деңгейдегі екіден кем емес медаль жеңіп алу міндеті қойылған, деп хабарлады Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатов Primeminister.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында.

216 0

АСТАНА, 8 мамыр – Қазақстан жаңалықтары АА. Қысқы спорт түрлері бойынша Ұлттық олимпиада құрамасының алдына әр түрлі деңгейдегі екіден кем емес медаль жеңіп алу міндеті қойылған, деп хабарлады Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатов Primeminister.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында.

 

«Ұлттық құрама командасының алдына лицензия саны бойынша да, спорт түрлері саны бойынша да  Ванкувердегіге қарағанда жақсы нәтиже көрсету  міндеті қойылған. Сочиде өтетін Олимпиадада әр түрлі деңгейдегі екіден кем емес медаль ұтып алу міндетін алға қойдық», - деді Елсияр Қанағатов.

 

Ведомство басшысының орынбасары  әлем чемпионаттарында және кубоктік жарыстарда сәтті ойын көрсеткен спортшылар марапатқа негізгі үміткерлер екенін атап өтті.

 

«Егер Сочидегі марапаттарға негізгі үміткерлер туралы айтатын болсақ, алдымен, шаңғы жарысында - Алексей Полторанин, ол әлем чемпионатында және кубоктік жарыстарда тұрақты нәтиже көрсетті. Бұл расымен де Сочиде өтетін Олимпиадада медальдер жеңіп алады деп үлкен үміт артып отырған спортшымыз», - деп өз ойымен бөлісті Е. Қанағатов.

 

Бұдан өзге, ол командалық спринтте Н. Чеботько мен А.Полторанинге үміт артып, жақсы нәтижелер көрсететінін білдірді.

Қазақстанның негізгі қарсыластары туралы айта отырып, ол Ресей, Норвегия, Швейцария шаңғышыларын атады.

Әлем чемпионаттарында көрсеткен нәтижелерді ескерсек, коньки тебу спортындағы, мәнерлеп сырғанау және фристайл могулдегі, биатлондаға спортшылар жақсы нәтиже көрсетуі мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, жалпы командалық есепте Ванкуверде 2010 жылы өткен қысқы Олимпиадада Қазақстан 1 күміс медаль жеңіп алып, жалпы есепте 25 орынды иеленген болатын.

Сочи қаласындағы (Ресей) XXVII Қысқы Олимпиада ойындары 2014 жылдың 7-нен 23-ші ақпанға дейін өтетіні мәлім.

Жарыс барысында 15 спорт түрі бойынша 98 медаль жиынтығы ойнатылады. Лицензиялық жарыс 2014 жылдың қаңтарына дейін жалғасады.

 


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!