Батырдың батасын алғандар...

Фотография - Батырдың батасын алғандар...

Қазақстан мен Қырғызстанның жас балуандары қатысқан сында бас жүлденің дені жерлестерімізде қалды. Тек 55 келі салмақтағы бірінші орынды қырғыз балуаны иеленді.

216 0

Қазақстан мен Қырғызстанның жас балуандары қатысқан сында бас жүлденің дені жерлестерімізде қалды. Тек 55 келі салмақтағы бірінші орынды қырғыз балуаны иеленді.

Қызылордада Мәскеу Олимпиадасының чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтың жүлдесі үшін  грек-рим күресінен турнир аяқталды. Бұл туралы Қазақстан күрес федерациясының ресми сайты хабарлайды. Қазақстан мен Қырғызстанның жас балуандары қатысқан сында бас жүлденің дені жерлестерімізде қалды. Тек 55 келі салмақтағы бірінші орынды қырғыз балуаны иеленді. "Турнирдің үздік балуаны" атағына жастар Олимпиадасының чемпионы Жәнібек Қандыбаев ие болса, "Жеңіске деген жігері" үшін аталымында Хусейн Муцольгов үздік шықты. Біз бірінші күні жеңімпаз атанған балуандармен таныстырғанбыз. Екінші күннің қорытындысы мынадай:

55 келі


І. Осконбай !бдупатаев (Қырғызстан)


ІІ. Ахмет Ізбасқан (Астана)


ІІІ. Әлімжан Айсабекұлы (Қырғызстан)


ІІІ. Мейрам Айнабаев (Ақтөбе)

66 келі


І. Жәнібек Қандыбаев (Жамбыл обл)


ІІ. Абылайхан Әмзеев (ОҚО)


ІІІ. Самат Молдахметов (Астана)


ІІІ. Дастан Қаржауов (Қызылорда)

84 келі


І. Санжар Бағашар (Алматы)


ІІ. Рашид Качиев (ОҚО)


ІІІ. Абай Қазнеев (БҚО)


ІІІ. Хусеин Муцольгов (Қарағанды)

120 келі


І. Салауат Ахметқалиев (ШҚО)


ІІ. Бағдат Орысбай (Маңғыстау обл)


ІІІ. Талғат Жиентаев (Қостанай)


ІІІ. Еркебұлан Әлиев (Қызылорда)

 


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!