Жазира Жапарқұл ауыр атлетикадан жастар арасындағы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Фотография - Жазира Жапарқұл ауыр атлетикадан жастар арасындағы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Ауыр атлетикадан Перудің Лима қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Әлем чемпионатында кеше ел қоржына алғашқы медаль түсті.

239 0

Ауыр атлетикадан Перудің Лима қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Әлем чемпионатында кеше ел қоржына алғашқы медаль түсті.

Онда 69 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Жазира Жапарқұл серпе көтеруде - 105, жұлқа көтеруде - 135 келіні көтеріп,  қоссайыстың қорытындысы бойынша 240 келіні бағындырып күміс жүлдегер атанды. Әлем чемпионы қытайлық Хиню Уанг (Xinyue Wang) cерпе көтеруде - 115, жұлқа көтеруде - 130 келіні көтерген болатын. Ал үздік үштікті түйіндеген тунистік  Гада Хассин серпе көтеруде - 101, жұлқа көтеруде - 121 келіні көтеріп, қоссайыс қорытындысы бойынша 222 келіні бағындырды.

Жазира былтырғы Әлем чемпионатында серпе көтеруде - 106, жұлқа көтеруде - 133 келіні көтеріп Әлем чемпионы, Азия чемптонатында қоссайыс қорытындысы бойынша 232 келімен (100+132) күміс жүлдегер атанған болатын. Ал 2011 жылғы Әлем чемпионатында 13-ші орын алып, 2010 жылғы жастар арасындағы олимпиада ойындарында чемпион және Азия чемпионатында күміс жүлдені еншілеген еді.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!