Петропавлда «Қызылжар барысы» атағына лайық палуан анықталды.

Фотография - Петропавлда «Қызылжар барысы»  атағына  лайық палуан анықталды.

21 жасар студент жігіт сәл  басымдылықпен былтырғы аймақ барысы Айбек Қырықбайды жеңді. Енді   Рүстем Жұмаев пен оның  ақтық белдесудегі қарсыласы  Айбек Қырықбай  облыс намысын Елордада өтетін «Қазақстан барысы» сайысында қорғамақ.

168 0

Қызылжар барысы атағын сарапқа салуға өңірдің барлық аудандарынан  32 палуан іріктелді.  Бес сағатқа созылған белдесу барысында  көрермендер  палуандардың өнеріне тәнті болды. Ал ақтық сайыста  бір-бірін баяғыдан білетін екі қыранның кездесетініне  ешкім де күмән келтірмегендей. Олар екі жыл қатарынан «Қызылжар барысы» атанып, Елордада облыс намысын қорғап  жүрген Айбек Қырықбай мен былтыр сол  турнирде ең жас палуан ретінде танылған, жастар арасында  спорттың бес түрінен Азия Чемпионы Рүстем Жұмаев болды. Бес минутқа  созылған финалдық  бәсекеде бір ғана бүкпен алға шыққан студент Рүстем Жұмаев «Қызылжар барысы»  атанды.  Оған облыс әкімі  1 миллион теңге сыйақы  табыстады.

Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!