Спорт журналистеріне арналған Бердіқұлов жүлдесі

Фотография - Спорт журналистеріне арналған Бердіқұлов жүлдесі

Спорт журналистикасында «Сейдахмет Бердіқұлов жүлдесі» деген мәртебелі сыйлық бар. Бұл жүлде қай жылы тағайындалды? Қанша адамға, қай уақыт аралығында беріледі? Сыйақы көлемі қанша теңге?

172 0

Сейдахмет Бердіқұлов жүлдесі 1994 жылдан бері үздік деп та­нылған спорт журналистеріне бе­рі­ліп келеді. Жыл сайын үш спорт жур­налисіне бе­ріледі.

Әу баста біреуі – қа­зақтіл­ді, екіншісі – орыстілді жур­­налистке, ал үшіншісі әр жылы әрқалай: не фо­тожурналиске, не элек­тронды ба­сылым қызметкеріне табыс етіліп келді.

Кейіннен мем­лекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында екі сыйлық – қазақ тілінде жа­рия­ланған материалдар­дың, бір сый­лық орыс тілінде жа­рия­ланған ма­­те­риалдың авторына табыс­та­латын болып бе­кі­тіл­ді.

Бұл бәйгенің жеңімпаздарына «Сей­дахмет Бердіқұлов атындағы сый­лық­тың лауреаты» деген арнайы төс­­белгі, ресми куәлік, әдемі ди­п­лом және ақшалай сыйлық та­быс­талады.

Ал ақшалай сыйлықтың сомасы 2000 жылдардың басында, яғни тең­генің құнды кезінде 500 евродай бол­ған. Қазір инфляцияға бай­ла­нысты әр лауреатқа шамамен 60-65 мың теңгеден тиеді.

2012 жылға дейін бұл бәйгенің лау­реаттарын ҚР Спорт және дене тәрбиесі агенттігі анықтап келді. Ал биылдан бастап әр жылдағы үздік журналистердің ішінен үш лауреатты екшеп алу Қазақстан спорт жур­на­лис­тері қауымдастығының құ­зы­ре­тіне берілді.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!