«Сочи» алтыны үшін қазақстандық спортшыларға 250 мың доллар беріледі

Фотография - «Сочи» алтыны үшін қазақстандық спортшыларға 250 мың доллар беріледі

Еліміздің Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Сочи Олимпиадасының жүлдегерлеріне берілетін сыйықа мөлшерінің қандай болатындығын мәлімдеді.

136 0

Еліміздің Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Сочи Олимпиадасының жүлдегерлеріне берілетін сыйықа мөлшерінің қандай болатындығын мәлімдеді.

«Сыйақы көлемін бұрынғысынша өзгеріссіз қалдыруды жөн көрдік. Лондон, Ванкувер олимпиадасындағыдай бірінші орынға – 250 мың, екінші орынға – 150 мың, үшінші орынға – 75 мың АҚШ доллары және алтыншы орынға дейін сыйақылар беріледі» дейді агенттік төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатов www.primeminister.kz порталына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, Олимпиадаға қатысатын спортшыларымыздың даярлағы үшін агенттік тарапынан Республикалық бюджетке 1 миллиард теңгеге сұраныс жасалған. Жақын күндері аталған қаражаттың берілу-берілмеуі қаралатын болады деді ол.

«Бүгінгі таңда шығындарды нақты есептеу қиын. Бұл іске кешенді келу керек. Бізде ұлттық құрамалар штатының дирекциялары қаражат бөліп отырады. Бас демеуші – «Самұрық Қазына» қорынан 472 миллион теңге алдық. Жергілікті билік өкілдері де спортшыларды қолдап, оларға жағдай жасап келеді» деді Қанағатов.

Қысқы спорт түрлерінен өтетін Сочи Олимпиадасына ұлттқ құрама мүшелері бүгінде 6 спорт түрінен 22 жолдама алып үлгерді. Агенттіктегілердің болжамы бойынша ел спортшылары жыл соңына дейін жолдамалардың санын 40-тан асыруы тиіс.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!