Бөкейордалық волейболшылар Жоғары Басқұншаққа барып, жүлдемен оралды

Фотография - Бөкейордалық волейболшылар Жоғары Басқұншаққа барып, жүлдемен оралды

Жарыстың жеңімпаз-жүлдегерлеріне кубоктар, медальдар мен дипломдар табыс етілді.

185 0

Бөкей ордасы ауданы құрама командасы Астрахан облысы Жоғары Басқұншақ кентінде волейболдан өткен халықаралық жарысқа қатысып, қола жүлдемен оралды.

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Мейрамбек Ғиылмановтың хабарлағанындай, аталмыш турнирге Астрахан, Волгоград облыстарынан және Бөкей ордасынан барлығы сегіз команда қатысқан. Жоғары Басқұншақ кенті әкімшілігінің басшысы Шагип Тикеев спорттың бұқаралылығын арттыруда, екі ел аудандары арасында тату көршілік қарым-қатынасты орнықтыра түсуде мұндай жарыстың маңызы зор екендігін атап өтті.

Сайыс қорытындысында Знаменск қаласының командасы Ахтубинск құрамасынан басым түсіп, чемпион атанса, бөкейордалықтар «Локомотивті» ұтып, үшінші орынды иеленді. Турнир барысында жақсы ойын өрнегін көрсеткен бөкейордалық Жасұлан Хайрушев «Үздік ойыншы» атанды.

Жарыстың жеңімпаз-жүлдегерлеріне кубоктар, медальдар мен дипломдар табыс етілді.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!