Футбол: «Ақжайықтан» ойыншылар кетіп жатыр

Фотография - Футбол: «Ақжайықтан» ойыншылар кетіп жатыр

Премьер-лигада өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» сапынан камерундық легионер Саджо Хаман кетті.

287 0

Премьер-лигада өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» сапынан камерундық легионер Саджо Хаман кетті.

Бұл туралы команданың бас бапкері Погос Галстян хабарлады. Саджо Хаман өткен жылғы маусымда да «Ақжайықтың» намысын қорғаған еді. Қажет кезінде шабуылға қосыла білетін жартылай қорғаушы биыл екі доптың авторы атанған болатын.

П.Галстянның айтуынша,  тағы бірнеше ойыншы «Ақжайықпен» қош айтысуы мүмкін. Оларға басқа клубтардан ұсыныс түскен. Айлап жалақы алмаған футболшылардың басқа жайлы жер іздеуі түсінікті. Егер осы айдың аяғына дейін қаржы мәселесі шешілмесе, команда таратылады. Негізінен жергілікті ойыншыларға үміт артқан «Ақжайықтың» мұндай күйге ұшырауы өкінішті-ақ.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!