Дэвид Бэкхем спорттан кетпек

Фотография - Дэвид Бэкхем спорттан кетпек

 "Спорттық мансабымды аяқтап, үлкен ойындарға қатысуды доғаратын уақыт жетті деп ойлаймын"

155 0

Ағылшынның танымал футболшысы Дэвид Бэкхем маусымның соңында спорттан кететінін мәлімдеді. 38 жастағы футболшы Sky Sports телеарнасына берген сұхбатында: "Спорттық мансабымды аяқтап, үлкен ойындарға қатысуды доғаратын уақыт жетті деп ойлаймын" деген.

Бұған дейін футболдан ағылшын құрамасының капитаны болған Бэкхем қазір Францияның бірінші лигасындағы "Пари Сен-Жермен" клубында ойнайды. Ол клубпен биыл қаңтар айында бес айға келісім-шарт жасасқан. Клубтан алған барлық жалақысын ол балалар арналған қайырымдылық қорына аударды.

Спортта жүрген 20 жыл ішінде Дэвид Бэкхем 19 рет түрлі спорттық атақтарды жеңіп алды. Оның 10-ы - чемпиондық титул. Ол қатарынан төрт елдің чемпионы атағын жеңіп алған ағылшынның жалғыз футболшысы.

"Пари Сен-Жерменнен" өзге ол кезінде "Манчестер Юнайтед", мадридтік "Реал" және Лос-Анджелестің "Гэлакси" клубында ойнаған.


Тегтер:

футбол

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!