Какауға 47 мың доллардың көлігін сыйлады

Фотография - Какауға 47 мың доллардың көлігін сыйлады

Какауға су жаңа Toyota Rav 4 автокөлігінің кілтін табыстады. Айта кетейік, барлық заманауи тех­нологияларды бойына сыйдырған бұл автокөліктің нарықтағы бағасы 47 000 АҚШ долларының шамасын құрайды.

222 0

Какауға су жаңа Toyota Rav 4 автокөлігінің кілтін табыстады. Айта кетейік, барлық заманауи тех­нологияларды бойына сыйдырған бұл автокөліктің нарықтағы бағасы 47 000 АҚШ долларының шамасын құрайды.

«Қайрат» шағын футбол клубының бас бапкері Какауға уәде етілген автокөліктің кілті табысталды. Естеріңізге сала кетейік, «Төртеудің финалы» қарсаңында клуб президенті Қайрат Оразбеков: «Егер УЕФА кубогының жартылай финалында «Қайрат» Испанияның «Барселонасын жеңер болса, бас бапкеріміз Какауға автокөлік сыйлаймын», - деген болатын.

     Марапаттау рәсіміне бас бапкер жанына команда қақпашысы Игитаны да ерте келіпті. Екеуі автосалонды аралап, көліктерді біраз қызықтады. Сөйтіп, клубтың вице-президенті Андрей Мищенко Какауға су жаңа Toyota Rav 4 автокөлігінің кілтін табыстады. Айта кетейік, барлық заманауи тех­нологияларды бойына сыйдырған бұл автокөліктің нарықтағы бағасы 47 000 АҚШ долларының шамасын құрайды. Су жаңа авто­көлігіне отырған Какау толқынысын баса алмай: «Бұл – менің ғана жеңісім емес, бүкіл Қазақстанның жеңісі. Менің ғана еңбегім емес, бүкіл команданың еңбегі. Осындай сый жасаған футболшыларыма, басшы­ларға алғысым мол. Енді жаңа белестерді бағындыру үшін құлшынысым бұрынғыдан бетер артатын болды. «Қайрат» Қазақстан футболсүйер қауымын өз жеңістерімен бұдан кейін де қуанта беретін болады», – деп ағынан жарылды.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!