Александр Винокуровқа докторлық дәреже тапсырылды

Фотография - Александр Винокуровқа докторлық дәреже тапсырылды

Олимпиада чемпионы Александр Винокуров енді – ғылым докторы

237 0

Олимпиада чемпионы Александр Винокуров енді – ғылым докторы. Бүгін кәсіпқой шабандозға Еуропа университетінің «Құқық саласындағы құрметті докторының» дипломы берілді. 

Астанада өткен салтанатты шараға әлемдегі ең беделді университеттің президенті Дирк Крайен қатысып, қазақстандық спортшыға халықаралық дәрежедегі атақ берді. Еуропалық университет тарихында жерлесіміз – «Құрметті доктор» дәрежесін алған екінші спортшы. Осының алдында дәл осындай атақ аты аңызға айналған велошабандоз Эдди Мерксқа берілген болатын.

Александр ВИНОКУРОВ, олимпиада чемпионы:

- Әрине, мен өте қуаныштымын. Еуропа университетінің «Құрметті докторы» атану – мен үшін үлкен мақтаныш. Бұл тек маған емес, жалпы елімізге жасалған құрмет деп түсінемін. Енді осы атақтың салмағын ақтап, алдағы уақытта тек биіктерден көрінуге тырысамын.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!