Оралдың «Ақжайығы» «Атырауды» 4:0 есебімен ойсырата ұтты

Фотография - Оралдың «Ақжайығы» «Атырауды» 4:0 есебімен ойсырата ұтты

18 мамыр күні премьер-лига командалары арасында Қазақстан чемпионатының кезекті турында Оралдың «Ақжайығы» өз алаңында «Атырауды» 4:0 есебімен ұтып,

129 0

18 мамыр күні премьер-лига командалары арасында Қазақстан чемпионатының кезекті турында Оралдың «Ақжайығы» өз алаңында «Атырауды» 4:0 есебімен ұтып,

жанкүйерлердің көңілін бір көтеріп тастады.

«Ақжайық» футбол клубының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ойын алдында облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың «Ақжайық» футболшыларына  дем беруі команданың өзіне деген сенімін арттыра түсті. Облыс басшысы қаржы мәселесі шешілетінін айтып, «Ақжайыққа» сәттілік тіледі.

Матчты қонақтар қарқынды бастағанымен, көздеген мақсатына жете алмады. Есесіне 16-минутта чехиялық қорғаушы Якуб Хлебоун өз мүмкіндігін қалтқысыз пайдаланып, алғашқы голды енгізді. Екінші таймда тағы бір чехиялық легионер Павел Черны баспен допты қақпаға дәл соқса, «Ақжайықтың» мерген ойыншысы, белорус Игорь Зенькович есепті 3:0-ге жеткізді. Екінші таймда Саджо Хаманды алмастырған Николай Забродин 81-минутта төртінші доппен ойын нүктесін қойды.

Осы турдан кейін он бірінші орынға көтерілген «Ақжайық» 22 мамырда соңғы кезде жеңілістен көз ашпай келе жатқан «Таразды» қабылдайды.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!